Облыстық полиция департаментінде психологтар полицейлердің отбасы мүшелерімен кездесті. Оларға жылдам қимылдайтын жасақ қызметкерлерінің күнделікті жұмыс барысы туралы бейнеролик көрсетілді. ПД баспасөз қызметі әзірлеген бейнематериалға назар аударайық.
Полиция департаментінің мәжіліс залында психолог мамандар жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің отбасы мүшелерімен кездесті. Іс-шараға полицейлердің әйелдері, аналары мен әкелері шақырылды. Жиналғандардың алдында ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағы командирінің орынбасары Талғат Рүстемов сөз сөйледі. Ол жеке құрамның тәртібіне, олар орындайтын тапсырмаларға, ведомство басшылығы қызмет атқару үшін жасап жатқан жағдайға тоқталды.
Талғат Рүстемов, СҚО ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағы командирінің орынбасары:
- Клубы, распитие, неэтическое поведение у нас не приветствуется. В целом, подразделение у нас дружное, всегда друг другу помогают, в любых ситуациях, на работе, в нерабочее время.
Сондай-ақ командирдің орынбасары әдепсіз әрекеттерге, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарға мүлдем жол берілмейтінін айтты. Отбасы мүшелеріне арнайы бөлініс полицейлерінің күнделікті жұмыс барысы туралы бейнеролик көрсетілді. «Рух» психологиялық орталығының директоры, ҚР аналар кеңесінің мүшесі Резеда Баймұхамбетова адамның психологиялық күйзелістерінің отбасына қалай әсер ететінін; отбасы ішінде қандай проблемалар туындайтынын және олардың нақты міндеттерді орындауға, қызметтегі тиімділіктің төмендеуіне алып келуі мүмкін екенін айтты. Психологтың айтуынша, отбасылық құндылықтарды сақтауда әйелдердің алатын орны зор.
Резеда Баймұхамбетова, «Рух» психологиялық орталығының директоры:
- Вы несете большую ответственность за то чтобы наши правоохранительные органы оставались дееспособными, были готовы именно защищать этот правопорядок в нашей стране.
Аталмыш бөліністің психологы Қайрат Базарбаев моральдық-психологиялық ахуал, қызметкерлер арасында жүргізіліп жатқан идеологиялық және тәрбие жұмысы жайлы айтты. Бұдан бөлек, полиция қызметкерлерінің құмар ойындарын ойнауға, букмеркерлік ұйымдарға және т.б. баруға тыйым салынғаны ескертілді. Тәртіп сақшылары елдегі құқықтық тәртіпті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Оларға ерекше міндеттер жүктелген. Жедел уәкілдермен, тергеушілермен, патрульдік полицейлермен және учаскелік полиция инспекторларымен бірге алғы шепте жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері де жүреді. Полиция департаментінің басшылығы жеке құрамды барлық керек-жарақпен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың тарапынан қатаң тәртіптің болуын талап етеді, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, сыбайлас жемқорлық фактілері мен басқа да қылмыстардың орын алуына жол бермейді. Мұндай фактілер орын алған жағдайда қызметкерлер қатаң жауапкершілікке тартылады.