Облыста тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төлене бастады. Республикалық бюджеттен қаражаттың бірінші бөлігі 23 шілдеде түскен. Жалпы облыстық кәсіпкерлер палатасының мәліметіне сүйенсек, өңірде табиғи апаттан 140 кәсіпкер зардап шеккен. Олардың жартысынан астамы облыстық комиссияға шығынды өтеу туралы өтініш білдірді.
Қазіргі уақытта комиссия 2 млрд теңгеден астам соммаға 99 кәсіпкердің өтінішін қараған. Олардың ішінде 900 млн-ға 41 өтінім мақұлданды. Қалған кәсіпкерлердің тиісті құжаттары толық болмауына байланысты өтініштері кері қайтарылған. 23 шілде күні 9 кәсіпкерге өтемақы төлеу үшін Республикалық бюджеттен 90 млн теңге қаражат түскен. Қазіргі уақытта бұл сомма зардап шегушілердің есепшотына аударылды.