29 шілде - Солтүстік Қазақстан облысының құрылған күні. Дәл осы күні 1936 жылы арнайы қаулы бойынша Қарағанды облысы Қарағанды қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы болып екіге бөлінген болатын. Өңірдің алғашқы басшысы болып Максим Аммосов тағайындалған еді. Содан бері 88 жыл өтті.
Бүгін атаулы датаға орай облыстық архивте «Үлкен мүмкіндіктері бар аймақ» тақырыбында көрме өтті. Көрмеге өңірдің тарихи құжаттары мен кітаптары қойылған. Және биыл облыстың құрылғанына 88 жыл толуына орай арнайы кітап та жарық көрмек. Оған облыстың басшылары мен тарихи орындары, осы уақытқа дейін жеткен жетістіктері жазылады. СҚО аграрлы аймақ. Бүкіл республиканың 3,6 пайызын алады. 13 аудан мен 4 қала және 186 ауыл мен ауылдық округі бар өлке.
СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Бүгінгі көрмемізге 29шы шілде ол сәрсенбі күн екен 36шылғы түп нұсқа газетімізді қойдық. Сол кезеңдегі 30-шы жылдардағы адамдардың тұрмыс-тіршілігін оқып көруге болады. Бүгнгі күні біздің облыс аграрлы болып саналады.
БОЛАТ САҒЫНДЫҚОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:
- Бұл көрме облыстың тарихын, өткенін көрсететін мынау суреттердің бәрі соған арналған. Облыс 88-де. Мен құрдаспын. Менде 88-демін. Осы облыста тудым, оқыдым.