Әке жолы ұрпаққа үлгі. Екпін Әбиев Жамбыл ауданы Орталық ауылың тумасы. Бүгінде Благовещенка ауылында өзінің жеке кәсібі БАР, «Екпін 2002» ЖШС-нің директоры. Әкесіне қарап бой түзеп келе жатқан 2 ұлы да отбасылық кәсіпті дамытып келеді. Еңбеккерлер әулеті жайында келесі бейнематериалда.


«Екпін 2002» ЖШС директоры – Екпін Әбиев 30 жыл бұрын өз кәсібін ашып, бүгінде халықтың алғысына бөленіп жүрген жандардың бірі. Ол 1999 жылдан 2012 жылға дейін облыстық мәслихаттың депутаты болған. 2009 жылы «СҚО үздік кәсіпкері» атанса, 2014 жылы «Даңқ» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бүгінде кәсіпті дамытуға балалары атсалысып жатыр.


ЕКПІН ӘБИЕВ, «ЕКПІН 2002» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Кәсіпкердің бақыты неде? Мен ойлаймын оның ісін жалғастыратын адам болса. Ол менің ұрпақтарым. Өмірсерік үлкен балам. Екінші балам Дәурен. Екеуіде осы кәсіпкерлік жолмен келе жатыр. Мен өзімді бақытты адам санаймын. Өйткені қасымда жарым бар. Ер азамат қанша кіріс кіргізгенмен үйге әйел ұстата алмаса онда тәртіп болмайды үйде. Сондықтан менің бірінші көмекшім. Мені осы жұмысқа итерген, талпындырған осы Шәкен.


Өмірсерік Әбиев Әке бастаған бизнесті одан әрі жалғастырып, бүгінде ауыл шаруашылығымен айналысып жатыр. Ол өз қарамағындағы адамдарға еңбекақы төлеп қана қоймай, жем, шөппенде қамтамасыз етеді. Бүгінде Благовещенка ауылында 1 наубайхана, дәріхана, тойхана, 6 дүкен, 3 фермерлік шаруашылық және бидай, егін егетін 4200 гектар жер бар. Бұл жерде жалпы 90-нан астам адам жұмыс істейді.


ӨМІРСЕРІК ӘБИЕВ, Е. ӘБИЕВТІҢ ҰЛЫ:

- Ауыл шаруашылығымен 2016 жылдан бастап айналысып жатырмыз. Қойдың саны қазіргі уақытта 7 мыңнан асты. Осы жылы 2мың бас қой әкелгеннен кейін келесі жылы 11-12 мың қой болады деген ниет бар. Қазіргі уақытта бізде 4200 гектар жеріміз бар. Егін бидай егеміз. Менің қарамағымда 45-47 адам жұмыс істейді. Шөп жем тегін болады бізде жұмысшыларға. 2 жыл жұмыс істеген жұмысшылардың балаларын университет немесе колледжда оқуын өзім көтеремін.


Екпін Әбиевтің екінші ұлы Дәурен Әбиевте әке жолын қуып, отбасылық бизнеске келген. Ол аудан орталығы Пресновкада дүкендер мен тойханалардың жұмысына жауап береді. Бұл салада жүргеніне 10 жыл.


ДӘУРЕН ӘБИЕВ, Е. ӘБИЕВТІҢ ҰЛЫ:

- 2014 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысамын. Отбасылық кәсіпті жалғастырып, қолдау білдіріп келемін. Осы 10 жылдың ішінде жұмысым жақсы жүріп жатыр. Аудан орталығында «Орталық» деген қонақ үй мен тойхананы басқарамын. Менің қарамағымда 10 нан астам адам жұмыс істейді.


Екпін Әбиев өзі де, балаларыда халықтың алғысына бөленіп жүр. Кәсіпкер өңірде меценат ретінде де танымал.