Облысқа Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр келді. Ол ең алдымен жаңа «Бірлік» ауданында салынып жатқан үйлердің құрылысын көрді. Сондай-ақ, «Орман» шағын ауданында бой көтеріп жатқан 600 орынға шақталған мектепте болды. Кейін Петропавл 2-ЖЭО-ҒА барып, облыстың жылыту маусымына дайындығын тексерді. Сонымен қатар, су тасқынынан зардап шеккен Ойқала мен Былғары кентіндегі үйлерді жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Роман Скляр барлық жұмысты жылдам және сапалы орындауды тапсырды.
Қазіргі таңда «Бірлік» шағын ауданында 53 құрастырылмалы үй тұрғызылған. Жобаға- Астана қаласындағы “GLB” компаниясы жауапты. Зауытта 1 күнде 4 баспана дайындалады. Ал, оны құрастыруға 5 сағат керек. Жалпы, мұндай үйдің бағасы шамамен- 24 млн теңге. Айта кетейік, серіктестік 20 қыркүйекке дейін тағы 300 тұрғын үйді тапсыруды жоспарлап отыр.
ЖАННА БЕКТЕМІРОВА, «ШАР-ҚҰРЫЛЫС» ЖШС ТӨРАҒАСЫ:
- Жобаға 23 мамыр күні кірістік. Ең алғашқы құрастырылмалы үйлер Петропавлға 5-маусым күні әкелінді. Мұнда тек үйдің фундаменті құйылады. Қалғанының бәрін дайын күйде әкеліп, құрастырамыз. Ішінде жылу, электр желілерінің бәрі бар. Суыққа шыдамды.
Бүгінгі таңда «Бірлік» шағын ауданында 200 үй пайдалануға берілді. Жалпы, 700 баспананың құрылысын қазан айына дейін аяқтау жоспарланған. Кейін Роман Скляр «Орман» ауданында салынып жатқан 600 орынға шақталған жайлы мектептің құрылысымен танысты. Нысан 1 қыркүйекте қолданысқа берілмек.
ҒАБИТ МАЛҒАЗДАРОВ, «SAMRUK-KAZYNA CONSTRUCTION» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
- Мектепте құрылыстың 65 пайыздан астамы бітті. Іске «ASTI» компаниясы жауапты. Қазір нысанда ішкі әрлеу жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Береке» шағын ауданында салынып жатқан 600 орындық мектептің құрылысы 30 пайызы аяқталған. Нысан қолданысқа 1 қарашада беріледі. Себебі, тасқын кезінде мектептің бір бөлігі су астындап қалып, жұмыс 1 айға жуық уақыт тоқтап тұрған. Жауапты мердігер- «Единство» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
- Сколько человек сейчас работает?
- Сейчас около двухсот, еще будет
Роман Скляр жұмыс сапары барысында облыстың жылыту маусымына дайындығын тексерді. Осы мақсатта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев баяндады. Жалпы, орталық қазандықтар мен жылу желілерінің жұмысын жақсарту мақсатында 3,2 млрд теңге бөлінген.
ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Облыста 644 жергілікті, 24 орталықтықтандырылған қазандық бар. Қазір қазандықтарды жөндеу және тазалау жүргізіліп жатыр. Өңірде көмірге деген қажеттілік 604 мың тонна. Қазір бізде оның 30 пайыздан астамы бар. Жалпы, облыста көмір сатататын 36 орын бар. Оның 31-і аудандарда, қалған 5-еуі Петропавлда орналасқан.
Петропавл 2 ЖЭО-да жабдықтардың 57,63 пайызы тозған. Электр желілері -96,6 пайызға ескірсе, жылу желілері 77, 5 пайызға ескірген. Осы орайда, жөндеу және жаңғырту жұмыстарына акционерлер барлығы 17, 6 млрд теңге бөлді.
АНАТОЛИЙ КАЗАНОВСКИЙ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:
- Бізде 12 қазандықагрегат және 7 турбоагрегарт бар. Бүгінгі таңда 6 айдағы орташа жалақы мөлшері 382 мың теңгені құрайды. 1000-ға жуық қызметкер еңбек етеді. 2027 жылға дейін 739 км электр желісі мен 240 қосалқы стансаның құрылысына жыл сайын 4 млрд теңге бюджет қаражатын бөлу жоспарда бар.
Сонымен қатар, вице-премьер су тасқынынан зардап шеккен Былғары зауыты кенті мен Ойқала шағын ауданын аралады. Облыста қайта-қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарына 11 ауданнан келген 70 механикалық бригада жұмылдырылған. Сондай-ақ, 140 техника жұмыс істеп жатыр.
МАРАТ АҚБОЛАТОВ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:
- Есіл ауданының жігіттері жақсы жұмыс істеп жатыр. Бітуге жақын. Жөндеу жұмыстарының басы аяғында өзім жүрдім. Негізі, Үйім жаңа болатын. 2 жыл ғана қыстап шықтық. Тасқыннан қатты залал келмеді. Қайта қалпына келтіруге жарамды деп тапты.
Петропавлда 1000-нан астам үй қайта қалпына келтіруге жарамды деп танылған. Оның 250-ін жөндеуге мехбригадалар жауапты. Олар 80-ге жуық баспанада барлық жұмысты аяқтаған. Жауапты мамандар, 15 тамызға дейін барлық жұмысты аяқтауды жоспарлап отыр. Айта кетейік, қалада апатты деп танылған 900-ге жуық үй бұзылды.
Аснурия Абдула