Тасқыннан зақымданған үйлерді қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Жамбыл ауданынан келген механикалық бригада Былғары зауыты кентінде 3 мамырдан бастап жұмыс істеуде. Олар 109 үйге жауапты. 3 айдың ішінде жұмыс аяқталуға жақындап қалған.


40 там астам адам Жамбыл ауданынан келіп Былғары зауыты кентінде жөндеу жұмыстарын жасап жатыр. 79 нысан жарамсыз деп танылып, бүгінде оның 63-ін бұзылып қоқыс полигонына шығарылды. Оған 18 техника жұмылдырылды.


НҰРБЕК САПАРОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бүгінгі күнде біздің ауданға 15 үйді біздің мехбригадалармен жөнделеді деп танылған. Соның 13-ін біз жөндеп бітірдік. Жалпы уақыты олар 2 аптадай кептірілуде болды. Кептіріліп біткенен кейін 10 күннен кейін жөндеп беріп қазір адамдар үйлерінді тұрып жатыр. Мамырдың 3 інен бастап осы жерге келдік қазір жігіттер тынымсыз жұмыс істеп жатыр.


Любовь Пегова Былғары зауыты кентінде 1968 жылдан бастап тұрып келеді. Тасқын кезінде су кірген баспананы Жамбыл ауданынан келген механикалық бригада жөндеп берген. Жалпы атқарылған жұмыстарға үй иесі риза.


ЛЮБОВЬ ПЕГОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Сәуір айында үйіме су кірді. Әрине басында қиын болды. Үйім үшін қатты уайымдадым. Қазір барлығы жақсы. Жамбыл ауданынан келген механикалық бригада үйімді қалпына келтіруге көп көмегін тигізді. Барлығына алғысым шексіз. 1 айдың көлемінде үйім бұрынғы қалпына келді. Сондықтан мен ризамын.


Бүгінде Жамбыл ауданының мехбригадалары Былғары зауыты кентінен 25 мың тонна қоқыс шығарды.