Өңірде үш адамнан бруцеллез анықталды. Олардың екеуі - жасөспірім. Облыстық санитарлық-эпедемеологиялық бақылау департаментінің айтуынша инфекцияның жұғуына ауру малдың өнімін тұтыну себеп болған. Өңірде бруцеллез бойынша эпидемиологиялық жағдай өршіп тұр. 530 бас ірі қара аталған дертке шалдыққан. Ауру мал тәркіленіп, иелеріне өтемақы беріледі. Бруцеллез жұқтырған ірі қараның 90 пайызы шаруашылықтарға тиесілі. Қауіпті инфекция одан әрі таралмау үшін 4 нысанда шектеу енгізілді. Яғни шаруа қожалықтарынан мал және мал өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Былтыр 270 бас ірі қарадан бруцеллез анықталған еді.


АМАНЖОЛ НҰРТАЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Қолайсыз аймақтардың қатарына кірген ол – Докучаенво, ондағы «Атамекен-агро» ЖШС, Қызылжар ауданында Глубокое ауылында «Астық сату компаниясы», Ақжар ауданында Горьковское елді мекенінде, онда «Ақниет агро» ЖШС және де Айыртау ауданында Гусаквока, ТОО «Гусаковкада». 483-і ол жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен шаруа қожалықтарында анықталған.