Жергілікті «Тұмар» би ансамблі Грузиядан жүлделі оралды. Өнер ұжымы Батуми қаласында өткен халықаралық «Golden Fleece» байқау-фестивалінен 4 гран-при, 3 бірінші орын, 1 екінші орын жеңіп алған. Арна тілшілері бишілермен тілдесіп, ансамблдің алдағы жоспарымен танысты. 


Дәстүрлі халықаралық фестивалде бақ сынасқан бишілердің қарасы қалың болған. Әр елден келген 25-тен астам құрама бірнеше жас ерекшелігі бойынша өнер көрсетті. Байқау 23 мамырда басталып 30-ы аяқталды. Петропавлдан ел намысын Батуми қаласында 40-қа жуық биші қорғады.


ЖАНЕРКЕ САБЫРОВА, АНСАМБЛЬ МҮШЕСІ:

- Репетициялар болды. Біз көп билерді дайындадық. Грузияға 3 би апардық. Біріншісі – білезік. Африка және бабушкин биі.


АДЕЛИНА САЙРАН, АНСАМБЛЬ МҮШЕСІ:

- «Тұмар» ансамблінің арқасында біз көптеген жерлерді көрдік. Соның бірі – Грузия. Саяхаттан керемет әсер алып, бас жүлдеге ие болдық.


Биыл ансамбльдің сахнада жүргеніне – 5 жыл. Грузиядан бөлек, жақында Түркия еліне де барып жүлделі оралған. Алда өнер ұжымы Дубайда өтетін өтетін фестивальге қатыспақ.


АҚЕРКЕ МҰСАЛІМОВА, АНСАМБЛЬ ЖЕТЕКШІСІ:

- Біз өте қатты дайындалдық. 1 айдың ішінде біз ұлттық биімізді дайындап, қатыстық. Біз жеңіске жеттік. 4 гран-при, 3 бірінші орын және 2 орын алдық.


Айта кеткен жөн, бүгінде «Тұмар» би ансамблінің құрамында 4 жас пен 18 жас аралығындағы 200-ге жуық бала бар.