Петропавлдағы Заречный кентінде тасқыннан кейін үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда 239 үй су астында қалған еді. Қазіргі таңда Ақжар ауданынан келген 5 механикалық бригада жөндеуге жарамды баспаналардың құрылысымен айналысып жатыр.


Гавриловтар отбасы Заречный кентінде 10 жылдан астам уақыт тұрған. Ал, баспананың салынғанына 50 жылдан асқан. Тасқын кезінде зақымданған үйді комиссия тұруға жарамды деп таныды. Мехбригада өкілдері бүгінде баспананы кептіру жұмыстарын аяқтаған. Ендігі кезекте, едендерін ауыстырып жатыр.


ВЛАДИМИР ГАВРИЛОВ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Құрылысшылар жұмыстарын тиянақты істеп жатыр. Жігіттерге рақмет. Алғашқы мехбригада өткен айдың 20 сы келді. Үйді сылап, қоқыстардан тазартты. Қазір едендерді ауыстырып, жаңалап жатыр.


Ақжар ауданының мехбригадасы Заречный кентіне 10-шы мамырда келген. Мехбригада 95 үйге жауапты. Оның 33-і жөндеуге жарамды болып танылды. Үйлерді қалпына келтіруге 35 құрылысшы мен 20-ға жуық техника жұмылдырылған


БӨГЕНБАЙ ЖҰРЫНТАЕВ, АҚЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жөндеу жұмыстарды біздің мехбригаданың арқасында жұмыс жасап жатыр. Мехбригада өкілдері Ақжар ауданынан келген. 35 адам өздеріңіз көргендей үйлерді жөндеп жатыр. Қазір бүкіл жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Біздің тұрғындардың бәрі риза, рақметтерін жаудырып жатыр. 62 үйдің 33 інде қоқыс шығару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.


Айта кетсек, механикалық бригада келесі аптада 9 үйді жөндеуді аяқтап, иелеріне тапсырады.


Ерлан Жұмахан