Назарбаев Зияткерлік мектебінде "Білім берудегі зерттеулер: ақыл-ойды дамыту арқылы әлемді өзгерту" атты ғылыми-педагогикалық конференция өтті. Жиынға білім беру саласындағы жетекші педагогтар мен сарапшылар қатысып, оқытудағы тың әдістерді талқылады.
Конференцияға Көкшетау қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры мен педагогтары арнайы келді. Қатысушылар жиында педогогтардың кәсіби даму мәселелерін талқылап, білім беру саласындағы соңғы өзгерістер мен зерттеулерді атап өтті.
ГҮЛДАНА ҚАЛИЕВА, Ә.ДОСМҰХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГЫ:
- Осы аймақтық ғылыми-педогогикалық конференцияға қатысқаныма қуаныштымын.Себебі, бұл іс-шарада біз қатысты өзы қызықты, мазмұнды жұмыс үлгілері көрсетіліп жатыр. Мұндай оқушыларды тәрбиелеу, тұлғалық жағынан дамыту әдістерімен таныстырып жатыр. Әрине, бұл әдістердің біреуін білсек, біреуін білмейміз. Болашақта оны өз жұмысымызда қолданамыз.
Абзал Ақбарұлы – STEAM.KZ компаниясының директоры. Тәжірибелі маман STEAM әдістемесі жайлы айтып, оның артықшылықтарымен бөлісті.
АБЗАЛ АҚБАРҰЛЫ, STEAM.KZ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Менің бүгінгі айтқан тақырыбым – STEAM әдістемесі жайлы болды. Біз ауыл, қала мектептері болсын кабинетке тәуелді болмауымыз керек. Оларда шектеу болмау керек. Мұғалімдер қарапайым дүниелерді қолдана отырып, сабақ өтуді жалғастырса дейміз.
Сондай-ақ, қатысушылар постер-сессияға да қатысты. Мектеп мұғалімдері педагогикалық қызметтің жоғары стандарттарын көрсете отырып, өздерінің зерттеулері мен әзірлемелерін ұсынды.