Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай Петропавлдағы оқушылар сарайында робототехникадан сайыс өтті. Оған облысымыздың әр ауданынан келген 100-ге тарта оқушы барлығы 50 команда қатысты. Тілші тарқатсын.


Бүгінгі сайысқа келген балалар 6 бағыт бойынша бақ сынасады. Бұл асық ату, арқан тарту сынды ойындар. Бірақ осы жолы мектеп оқушыларының өздері емес, олардың құрастырып шығарған роботтары сыңға түседі.Мысалға бұл роботехника арнайы асық атуға жасалған. Оның қуаты 3-4 сағатқа жетеді. Жүніс Кендебаевтың айтуынша оны құрастыруға 2 күн кеткен.


ЖҮНІС КЕНДЕБАЕВ, 8-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

- Біз Мағжан Жұмабаев ауданы Сарытомар ауылынан келіп тұрмыз.Бұл роботты жасауға көп уақыт кеткен жоқ.Кемі 2 күннің ішінде ағайым екеуіміз құрастырып шығардық. Аудандық жарыста біз сумо роботына қатысып 3 орын еншіледік.Одан кейін облыстық сайысқа жолдама алғаннан кейін, асық атадын робот жасап шығардық. 


Облыстық «Robotime» сайысы ай сайын өтеді . Оған аудандық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері жолдама алады. Биыл қатысқан жалпы командалардың саны 50.


ДАМИР МҰСТАФИН, Оқушылар САРАЙЫ IT-БАҒЫТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Командалар ұлттық ойынымыз асық ату бойынша сыңға түседі, сонымен қатар арқын тарту, робо сумо, кегельринг квадро, биатлон және эстафета бағыттары да бар. Жалпы бұл жарыс ай сайын өтеді. Соңғы сайыс Наурыз айында ұйымдастырылды.


Айта кетейік, сайыста жеңіске жеткен 6 команда республикалық кезеңге жолдама алады.