Жыл басынан бері облыста интернет алаяқтықтың 295 дерегі тіркелген. Осыған орай полицейлер банк қызметкерлерімен бірлесіп жиын өткізіп, интернет-алаяқтықпен күресудің жолдарын талқылады. Сондай-ақ екі тарап бұл мәселеге қатысты ұсыныстарын білдірді.


Полицейлердің айтуынша, «банктен қоңырау шалу» арқылы жасалатын интернет-алаяқтық фактілерінің саны күрт артқан. Бұрын бұл орта есеппен алғанда әрбір үшінші қылмыс болса, қазір — интернет-алаяқтар әрбір екінші қылмысты осындай тәсілмен жасайды. Жалпы жыл басынан интернет-алаяқтықтың 295 фактісі тіркелген. Оның 140-ы бантен жалған қоңыраумен байланысты.


- Жертвами такой схемы, как правило, становятся лица старше 45 лет, а также пенсионного возраста, которые не обладают достаточным уровнем финансовой грамотности. Так из 295 зарегистрированных фактов интернет-мошенничеств в т.г. 140 осуществлены по схеме звонок от лже сотрудника банка.


Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің төрағалығымен кеңес өтті. Оған екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысты. Жиында халықты қылмыстың осы түрінен сақтандырудың жолдары талқыланды. Сондай-ақ іс-шараға қатысушылар ақпараттық-профилактикалық жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті.


- В части информирования жителей области о преступных способах кибермошенников с нашей стороны, в особенности коллегами из органов полиции постоянно создаются и размещаются социальные ролики, буклеты, на интернет-порталах размещаются предупредительные материалы.


Сондай-ақ жиында адамдарды қорғаудың қолданыстағы сот механизмдері талқыланды.


- Если при рассмотрении в суде имеется вступивший в законную силу приговор суда, в котором установлен факт отсутствия вины клиента в оформлении на его имя банковского займа третьего лица, банк в течение 15 рабочих дней принимает решение об отнесении задолженности клиента на ущерб банка.


Полицейлер бұл қылмыстан сақтанудың жолдарын ұсынды. Соның ішінде – банкингтің мобильдік қосымшалар жүйесін пайдалану қауіпсіздігі мәселесін пысықтау, онлайн-несие беру тәртібін қатаңдату керек. Өйткені, қазіргі таңда жасанды интеллект қарқынды дамығандықтан, биометриялық деректер бойынша тексеру жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан тәртіп сақшылары банк картасының деректерін, қауіпсіздік кодын бөтен адамға бермеуге кеңес береді. Ал банк картаңыздан ақшаны заңсыз алып қойған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады.


Кибербезопасность граждан и государства невозможно обеспечить одним нажатием кнопки, для снижения рисков киберугроз нужны совместные усилия.


Барлық ұсыныстарды одан әрі іске асыру үшін бұл мәселені негізгі банктер мен мемлекеттік құрылымдар арасында көтеру керектігі жиында айтылды.