Петропавлда « Халық заңгері» атты республикалық әлеуметтік акция өтті. Жиында үздік заңгерлерден мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұрғындарға тегін кеңес берілді. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және күнделікті өмірде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша көмек беру. Акция Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен облыс прокуратурасының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.

Келушілер үшін арнайы қабылдау аймақтары ұйымдастырылып, әрбір азамат өз сұрағына нақты әрі кәсіби жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Тұрғындар бұл бастаманың маңыздылығын атап өтіп, заңгерлердің көмегі өздеріне үлкен қолдау болғанын айтты.

СНХ:ВАЛЕНТИНА БОГАЧУК, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ


Бұл акция еліміздің барлық облыстарында бір күнде өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

СНХ: АЛМАС АСАИНОВ, СҚО ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ


Айта кетейік, осындай мақсаттағы іс-шаралар бұған дейін «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында бірнеше рет өткізілген. Арнайы мамандардың көмегіне 200-ден астам адам жүгінген. Олардың барлығына дерлік тиісті жауап беріліп, көмек көрсетілген.