Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны толық аяқталды. Бүгінгі таңда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 3 миллион гектар алқаптан жиналды, бұл жалпы егіс көлемінің 99,9 пайызын құрайды.

Аймақта жалпы астық түсімі 6,5 миллион тоннаны құрады, гектарына орташа өнімділік – 21,4 центнер. Майлы дақылдар 864,2 мың гектар жерден жиналып, 1 миллион 38,4 мың тонна өнім алынды. Гектарынан 12 центнерден өнім берді. Облыстағы астық сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы 7 миллион тонна болса, бүгінде олардың 54,1 пайызы, яғни 1 миллион 732 мың тонна астықпен толыққан. Нан қабылдау кәсіпорындарына 1 миллион 998 мың тонна астық, соның ішінде 275,8 мың тоннасы 3-сыныпты бидай жеткізілді.