4 айда облыс орталығында кәмелет жасқа толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта көшеде жүруінің 235 дерегі тіркелген. Петропавлда ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Полиция қызметкері оқушыларға қазіргі таңдағы қауіпті қылмыстар жайында дәріс оқып, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда қандай жаза тағайындалатынын айтып өтті.


Кто может ответить на вопрос: к каким видам преступлений можно отнести лжетерроризм? У нас бывают: тяжкие преступления, особо тяжкие преступления.


Сондай-ақ Петропавл қаласы полиция басқармасы ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы Жанат Мұстафина түнгі уақытта көшеде серуендеу, буллингтің алдын алу, сонымен қатар мектеппен қоштасу кештері кезінде оқыс оқиғалар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау жөнінде сөз қозғады. Бұдан бөлек, жасөспірімдерге жалған терроризм мен ауыр қылмыстар үшін көзделген жауапкершілік туралы түсіндірілді. «Балалардың қауіпсіздігі – біздің мемлекетіміздің саясатының басым бағыттарының бірі, - дейді Жанат Мұстафина. – Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық мемлекеттік органдар тығыз байланыста жұмыс істейді. Негізгі міндет кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторларға жүктелген. Олар көңіл көтеру орындарында рейдтік іс-шараларды ұдайы жүргізіп, бәрін бақылауда ұстайды. Айта кетейік, 4 айда облыс орталығында кәмелет жасқа толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта көшеде жүруінің 235 дерегі тіркелген


Асыл Ережепов, облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 11-сынып оқушысы:

- Бүгінгі өткен кездесуде біз жалған терроризм туралы көп білдік, көптеген заңдармен таныстық. Электерлі самокаттармен жүру ережелерін түсіндірді. Алкогольді ішімдіктерді ішуге болмайтынын, суық қару ұстауға болмайтынын. Сол туралы білдік. Заңды бұзған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


10 мамырда басталған республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының аясында мектептер мен колледждерде осындай кездесулер мен дәрістер өтіп жатыр.