Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында "Түркі әлемінің қасиетті ескерткіштері" виртуалды экскурсиясы өтті. Оған "Түрік мәдениеті" қоғамдық бірлестігінің өкілдері, М. Қозыбаев атындағы университетінің шетел факультеті мен кафедрасының студенттері, оқытушылары қатысты.


Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы елдер мен өңірлерді біріктіреді. Оның негізгі мақсаты-түркі халықтарының ортақ материалдық және мәдени ескерткіштерін сақтау, дамыту, ынтымақтастықты арттыру. Ұйымның құрамына 6 ел кіреді. Оның ішінде Қазақстан да бар.


ДИЛЯРА ХАСАНОВА, ҚР ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ АССАМБЛЕЯСЫ ТҮРІК МӘДЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз ағартушылық қызмет атқарамыз. Қазақстандағы ескерткіштермен таныстырамыз. Оған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Түркістан да жатады. Сонымен қатар, ЮНЕСКО - ға енген материалдық емес мәдениетпен де таныстырамыз.


М. Қозыбаев атындағы университетінің шетел факультеті мен кафедрасының студенттері және Достық Үйінің этномәдени бірлестіктері арасында тығыз ынтымақтастық орнағанын атап өткен жөн.


ЛЮДМИЛА ГРИВЕННАЯ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚО ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Бұл іс-шара түркі мәдениеті мемлекеттерінің бірлігін көрсетіп қана қоймай, олардың өзара жақындасуына ықпал етеді. Бұл өте маңызды.


Салт-дәстүр, әдет-ғұрып түркі халықтарын біріктіретін ерекше мәдениеттің түрі. Ол мамандардың пайымдауынша, 200 миллион адамды қамтиды.