Мемлекеттік тіл - ҚР бірлігі мен келісімінің рухани іргетасы. Қазақстан халқы Ассамблеясында осындай тақырыпта конференция өтті. Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚР Ұлттық ұланының қызметкерлері мен тіл басқармасының мамандары мен студенттер қатысты.
Конференцияның мақсаты-мемлекеттік тілдің этносаралық қарым-қатынас пен келісім құралы ретіндегі рөлін көрсету. Жиынға келген зиялы қауым мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және мәртебесін арттыру жайлы сөз қозғады.
АҚМАРАЛ СӘРКЕНҚЫЗЫ, ҚР ҰҰ АКАДЕМИЯСЫ ТІЛДІК ДАЯРЛЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
- Еліміз тәуелсіздік алғалы бері қаншама жыл өтті. Мемлекеттік тіл кез келген елде өзекті болып қала береді. Қазақ тілін оқыту барысында біздің қаншама ғалымдар тер төгіп, қазақ тілін оқыту әдістемесін, оны тез үйренудің жолдарын ісздестіріп келеді. Осындай конференциялар ұлт жанашырларының бас қосуына, ортақ мәселені шешуге негізделген. Негізгі мақсаты да осы.
Облыстық ҚХА-да 20-дан астам этномәдени орталық бар. Соңғы жылдары қандай диаспора өкілі болмасын әрқайсысына мемлекеттік тілді үйрену үшін көп мүмкіндік берілді дейді Гүлбақша Мұсабаева.
ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, СҚО ҚХА ҒЫЛЫМИ-САРАПШЫ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ
- Расында да, тілдер туралы заңда әр ҚР азаматы мемлекеттік тілді білу парызы деп бекітілген. Бүгін осы тұрғыда рухани құндылықтарды және ассамблеяның «Ұлттың бірлігі туралы доктрина» атты құжаты жайлы ойлар ортаға салынып жатыр.
Сондай-ақ, жиын барысында жастар арасында мемлекеттік тілді дамытуға және насихаттауға қосқан үлесі үшін мектеп пен университет оқытушылары алғыс хаттармен марапатталды.