Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне 82 мыңнан астам солтүстікқазақстандық тіркелмеген. Оның 12 мыңы ғана жұмыссыз ретінде тіркелген. Бұл мәселе «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры филиалының бастамасымен өткен дөңгелек үстелде талқыланды.
«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры филиалы жетекшісінің айтуынша, бұл жерде бірқатар түйткілді проблема бар. Мәселен, жазғы уақытта ауылшаруашылық бөлімшелерінде жұмыс істейтіндермен еңбек шарты жасалмаған.
ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ – «ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ӨРКЕНДЕУ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ СҚФ ЖЕТЕКШІСІ
- Бүгінгі күні мынау тұрғындар арасында не үшін МӘМС жасамайсыздар деген сауалнама жүргізген едік. Олар біз қанша емханаға барсақ та, таладама немесе басқаларын тапсыру үшін ақылы жерлерге жібереді дейді. Не үшін 2 рет медициналық төлем төлеуіміз керек деген уәж айтты.
Осы жылы облыста тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың кепілдік берілген көлеміне 71 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Сақтандырылғандар саны бес айда он мыңға өсті, дейді Айнагүл Давлетчина.
АЙНАГҮЛ ДАВЛЕТЧИНА, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:
- Біз барлық тұрғындарды міндетті медициналық сақтандыру жүйесі арқылы ем алуға шақырамыз. Ол үшін ай сайынғы төлемді енгізіп отыруыңыз маңызды. Сол арқылы барлық қажетті ем-домды қабылдай аласыз.
Айта кетейік, сақтандырылушы ай сайын 4250 теңге жарна төлейді.