Петропавлда еңбек сіңірген жаттықтырушы Жанаберген Қармандаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар жиналды, яғни 100-ден астам балуан келді.
Жанаберген Қармандаев- СҚО, Мамлют ауданының тумасы. Ол елге танылған жаттықтырушы. Грек-рим күресінен ҚР құрама басшысы болған. Бүгінгі күні еліміздің спортын дамуытуға орасан үлес қосқан жаттықтырушыны еске алу мақсатында Винакуров атындағы спорт кешенінде грек-рим күресінен турнир ұйымдастырылды. Бұл күні кілемде, өңіріміз бен республикамызды ірі турнирлерде танымал ететін болашақ чемпиондар бақ сынасты. Қатысушылар додада шеберлік пен техниканың жоғары деңгейін көрсетті. Жарыста балуандар 55-130 салмақ дәрежесінде бақ сынасты.
МЕЙРАМ ХАМЗИН,БАС ТӨРЕШІ:
- Бүгін ересектер арасында Қармандаев Жанаберген Сүлейменұлының еске алу турнирі өтіп жатыр. Ересектер арасында. Бұл жарысқа 100ге жуық спортшылар қатысып жатыр. Қазақстанның әр түкпірінен келді. 15 команда қатысып жатыр осында. Жанаберген Сүлейменұлы Қазақстанның барлық спорт қауымына танымалы, спортқа еңбегі сіңген жаттықтырушы. Еркін күрестен, греко-рим күресінен, әйелдер күресінен еңбегі сіңген жаттықтырушы болып елге танымал адам.
Әділет Ерболатов- Астана қаласынан келген 22 жастағы спортшы. Ол грек-рим күресімен мектеп кезінен айналысады. Өз жылдары ол бірнеше жарыста жеңіске жетті. Оның айтуынша, бүгінгі турнирде жеңіске жету тек бірінші мақсат, екіншісі- осы спорт түрінен Қазақстан Республикасының жеңімпазы атанып, әлем чемпионатын бағындыру.
ӘДІЛЕТ ЕРБОЛАТОВ, ҚАТЫСУШЫ:
- Осындай үлкен жарыс өткізіп жатқан Петропавл қаласына үлкен рақмет. 00:17-00:29 Қарсыласым ұшы мығым, жақсы жігіт екен Петропавлдық. Бірінші рет көрдім. Алғаш жекпе-жек болғаннан кейін қиындау болып тұр. Қазір алда онайлау болады деген ойдамын. 00:30-00:32 Күреске қатысқаныма 11 жылдай болды шамамен. 00:42-00:50 Спорттан Ю-23 арасында Қазақстан Республикасының 3 орын иегері болғанмын. Әзірге еңбегімнің нәтижесі сол.
Айта кетейік, жарыс облыстық спорт басқармасының ұйымдастырылуымен өтті. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта осындай сынды жарыстар жиі ұйымдастырылатынын атап өтті.