Петропавлдағы 2-Жылу электр орталығында ауаға тарайтын ластаушы заттардың мөлшері онлайн-режимде бақыланады. Кәсіпорындағы №3 түтін мұржасына автоматтандырылған мониторинг жүйесі пайдалануға берілді.


Экологиялық қауіпсіздік мәселелері ерекше назарда болуы тиіс. Желтоқсан айында 2-Жылу электр орталығында №3 түтін мұржасына ластаушы заттардың шығарындыларын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі орнатылып, мамыр айында пайдалануға берілді. Қазіргі уақыт режимінде олар ластаушы заттардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін бірнеше көрсеткіштер бойынша бақылайды.


НИКОЛАЙ МАКСИМОВ, "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

- Оксид, азот диоксиді, күкірт диоксиді, көмірқышқыл газы, шаң және онымен байланысты көрсеткіштер – бұл ауа-газ қоспасының, газдардың көлемі, оттегінің пайыздық көрсеткіштері. Мамырдан бастап "Севказэнерго" АҚ көрсеткіштерді қоршаған орта қорғау ұлттық деректер банкіне және СҚО бойынша уәкілетті орган - экология департаментіне беріп келеді


2025 жылы ұқсас қондырғы жаңа №1 түтін мұржасына және Есіл өзеніне су жіберу жүйесіне орнатылады. Мұрағатталған ақпарат кемінде бес жыл сақталады.


ДАМИР ЖҰМАБАЕВ, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Мониторингтің автоматтандырылған жүйесін орнату талаптары ҚР Экологиялық кодексінің 184-бабымен нақтыланған. Олар бірінші санаттағы нысандардың операторлары үшін міндетті. Бұл мәселе экология департаментінің тұрақты бақылауында. Жалпы біздің облыс туралы айтатын болсақ, қолданыстағы заңнамаға сәйкес СҚО-да бір кәсіпорын автоматтандырылған бақылау жүйесін орнатуы тиіс, бұл "Севказэнерго"Акционерлік Қоғамы.


Еліміз бойынша зиянды шығарындылар туралы деректерді беруге міндетті 91 кәсіпорын бар. Оның 40-ы қазіргі таңда талапқа сай жұмыс істеп жатыр.