С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында азаматтық бастамаларға арналған фестиваль өтті. Іс-шараға қоғамдық ұйымдардың өкілдері, волонтерлер, белсенділер және өңірдің дамуына үлес қосып жүрген барлық мүдделі азаматтар қатысты.
Фестивальге қатысушылар балалар мен қарттарды қолдау, жануарлар мен қоршаған ортаны қорғау, білім беруді дамыту сияқты маңызды әлеуметтік мәселелрді шешуге бағытталған жобаларын ұсынды. Іс-шараға келген қонақтар табысты бастамалармен және озық тәжірибелерімен танысып, шеберлік сыныптарына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, олар азаматтық қоғамды дамытудың өзекті деген мәселелерін талқылап, пікір алмасты.
КӨГЕРШІН БЕРДАҒҰЛОВА, «АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНС ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ» МҮШЕСІ:
- Бүгін қаламызда азаматтық бастамалар фестивалі өтіп жатыр. Бүгінгі іс-шара жарқын және есте қаларлық фестиваль болады деп үміттенеміз. Фестиваль қатысушылары балалар мен қарттарды қолдау, жануарлар мен қоршаған ортаны қорғау, білім беруді дамыту сияқты маңызды жобаларын таныстырады. Олардың ішінде «Shyaq», «Добро в село», «Уәлиханов жастары» деген ұйымдар бар. Олар өздерінің бастамаларын, жыл бойы өткізген іс шараларын көрсететін болады.
Фестиваль барысында өңірдегі белсенді қоғамдық ұйым мүшелері марапатталды. Олардық қатарында «Добро в село», «Уәлиханов жастары», «Северный фестиваль», «Бірге комьюнити», «Мой ребенок» ; «GROW KZ», «Shyaq», «Есіл ауданы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі», «Надежда Народ» қорлары бар. Бұл ұйымдардың әрқайсысы өңірдегі азаматтық қоғамды дамытуға, халықтың тұрмысын жақсартуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге зор үлес қосып келеді.
АЙНҰР МЫХҚАМБАЕВА, «БІРГЕ КОМЬЮНИТИ» МҮШЕСІ:
- Біз бірге деген қауымдастықпыз. Әйелдерді қолдау және дамыту бағытында жұмыс жасаймыз.+скл+ 00:17- 00:27 Ай сайын 8-16 ждастағы әйел адамдар келіп өздерінің эксперпттік көзқарастарын ұсынады. +скл+ 00:55- 00:27 Мысалы, декретте отырған аналар белгілі бір оқуды оқып келеді және оған бір орта қажет болады. Міне сол ортаны біз оларға береміз. Сол жерде олар өздерінің эксперттік білімдерін көрсетеді.
Фестиваль аясында мобилография бойынша шеберлік сыныптары өткізілді. Сонымен қатар, қатысушыларға сапалы визуалды контент жасаудың қыр-сыры үйретілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жаңа жобаларды танытуға және үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға ықпал етеді.