Ауыл мектептерінің 400-ден астам оқушысы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде бақ сынады. Аудандық кезеңге 3 мыңға жуық оқушы қатысты. Жарыс екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.
Бұған дейін ауыл мектептеріндегі балаларға қалалық гимназия оқушыларымен бәсекелесу оңайға түспейтін. Енді ауыл оқушылары үшін олимпиада екінші жыл қатарынан жеке өткізіліп келеді. Бұл дарынды балаларды анықтап, қолдауға үлкен сеп.
АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
- Өткен жылы СҚО командасы 3 орынды иеленіп, республикалық олимпиадада біздің өңірді жақсы жағынан көрсетті. Былтыр 50 қатысушы болды, олардың жартысы жүлделі орын алды. Бұл ауыл оқушыларына гранттар мен квоталар алуға жақсы мүмкіндік.
Олимпиада Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназияларда 2 күн бойы өтеді. Зияткерлік жарысқа қатысып жатқандар өз күштеріне сенімді.
МАҚСАТ ӨМІРБОЛАТОВ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ, АЙЫРТАУ АУДАНЫ:
- Өткен жылы, 10 сыныпта мен олимпиадаға қатысып, барлық кезеңдерді өттім. Республикалыққа жетіп, 1 орын алдым. Олимпиадалар әсіресе ауыл мектептерінің оқушылары үшін қажет деп санаймын, бұл жаңа білім алуға, жаңа адамдармен танысуға мүмкіндік. Қазақстан тарихы пәні бойынша қатысамын.
АНГЕЛИНА СМОЛИНА 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ, ЕСІЛ АУДАНЫ:
- Былтырғы оқу жылында облыстық кезеңінде қатысып 1 орын алып, республикаға оттім. Осы оқу жылында қайтадан қатысуды шештім. Орыс мектептеріне арналған қазақ тілі бойынша катысамын. Мына олимпиадағы қатысу мүмкіндігіне ие болғанымызға өте қатты қуаныштымын. Себебі білімімізді көрсетіп, мақсатқа жетеміз.
Олимпиада 9-11 сынып оқушылары үшін екі турда өткізіледі. Қатысушылар тапсырмаларды қағаз түрінде орындайды.