Су тасқынынан зардап шегіп қазір эвакуациялық пунктерді паналап отырған өңір тұрғындары жаңа жатақханаға көшірілді. Жалпы қалада 12 эвакуациялық пункт болса оның 7еуі білім ордаларында құрылған еді. Мектепті паналап отырған адамдар енді уақытша Петропавл қаласының Е.Дауытов атындағы қызмет көрсету саласы колледжің студенттеріне салынған жатақанада тұратын болады.


Петропавлда қазір 195 адам мектептерде құрылған эвакуациялық пунктерді паналап отыр. Олардың 107 жаңа жатақханаға көшірілді. Тұрғындар өз үйлері дайын болғанша осы жерде тұрады. Жалпы, қызмет көрсету саласы колледжінің жаңа жатақанасы 244 адамға шақталған.


ҚАЛИЯ ТҮРЕНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Облыс әкімінің тапсырмасымен су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған адамдарға Е.Дауытов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінің жаңа жатақанасы беріліп жатыр. Олар бұл жерде тегін уақытша тұрады. Тұрғындарға жайлы болу үшін жаңа көрпе-төсек, ыдыс-аяқ, барлық қажеттті заттар дайындалды. Бұл жерде де медицина қызметкерлері мен тәртіп сақшылары кезекшілік атқарады.


Бұл жатақхана су тасқынынан үйлері зақымданып, туыстарының үйінде тұрған отбасылар үшін де ыңғайлы. Зардап шеккендер жағдай жасалған бөлек бөлмелері бар орын бергендері үшін өте қуанышты. Бірақ құрылысы енді аяқталған жатақханада тұра алмайтын тұрғындар да бар екен.


НАТАЛЬЯ ЧОРБА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Негізі жағдай жасап, тұрғындарды жайлы жерге көшіруде. Баспаналарынеан айырылып эвакопункте тұрған адамдар үшін бұл жер өте ыңғайлы. Себебі бар жағдай жасалған. Бірақ бұл жаңа жатақхана мен үшін қолайсыз. Неге десеңіз астма ауруымен ауырамын. Жатақғана дайын болса да әлі құрылыс материалдарының иісі бар. Мен үшін ғана емес, 2 әжем бар олардың біреуінің көзі нашар көреді. Біреуінің аллергиясы бар.


Жаңа жатақхана жуынатын бөлмелермен де жарақтандырылған. . Сондай-ақ полиция қызметкерлері, жедел жәрдем және еріктілер кезекшілік ететін болады.