Облыста былтыр сыбайлас жемқорлық фактісін хабарлаған 5 адамға жалпы соммасы 1,1 млн теңгеге сыйақы берілді. Жалпы агенттікте сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған немесе қылмыспен күреске көмектескен адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы беру немесе грамотамен марапаттау және алғыс жариялау сияқты көтермелеулер көзделген.


Сайыақы параның немесе келтірілген залал соммасына қарай беріледі. Мәселен, сыбайлас жемқорлық бойынша әкімшілік іс қозғалса хабарлаған адамға – 30 АЕК, онша ауыр емес жемқорлық қылмыстарға - 40, ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық фактісін хабарлаған адамға – 50, ауыр жемқорлыққа- 70,аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қатысты хабарлаған адамға – 100 АЕК көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.Ал егер тиісті органдарға хабарланған жемқорлық фактісінің құны 1000 АЕКтан асатын болса параның жалпы соммасының 10 пайызы тиесілі. Сыайқы айыпты адамға қатысты үкім немесе әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген соң ғана беріледі.Кез-келген облыс тұрғыны сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 424 нөмірі бойынша call-орталығына хабарлай алады. Немесе Петропавл қаласы, Интернациональная көшесі, 60 мекенжайы бойынша аумақтық департаментке жүгіне алады.