Өңірде су тасқынынан зардап шеккен 5-мыңға жуық адам ХҚКО жүгінген. Олардың дені өздерінің жылжымайтын мүліктерін растайтын құжатты қайта рәсімдеуге өтінім білдірді. 


Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға көмектесу мақсатында ХҚКО мобильдік топ құрылды. Олар эвакуациялық пункттерге барып, зардап шеккен тұрғындарға түрлі анықтамалар алуға, құжаттарды қалпына келтіру бойынша өтініштер қабылдауға көмектеседі.


АНАР ҚҰСАНОВА, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ» КЕ АҚ СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ PR-МЕНЕДЖЕРІ:

- Құжаттарды жедел түрде дайындап беруге тырысамыз. Себебі, тұрғындардың көбі өз құжаттарын алып шығып үлгермеген. Зардап шегушілердің арасында мүлкін өзінің атына ресми түрде рәсімдемегендері де бар екен. Оларға да біздің қызметкерлер кеңес беріп, көмектесіп жатыр. Қазір облыс бойынша ХҚКО күшейтілген режимде жұмыс істейді.


Петропавлдағы нөмір 40шы орта мектепте құрылған эвакуациялық пункте қазір 29 адам тұрады. Оларға да бүгін ХҚКО қызметкерлері келіп құжаттарын рәсімдеуге көмектесті. Мамандардың көмегіне жүгінгендердің бірі-Игорь Владимиров.


ИГОРЬ ВЛАДИМИРОВ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Мен барлық құжаттарымды алып шығып үлгердім. Ойқала ықшам ауданында тұрамын. Үйіміздің қазіргі жағдайы қандай екенін білмейміз. Барған жоқпыз. Қазір бірретік төлемге өтініш беріп жатырмын. Эвакуациялық пункте барлық жағдай жасалған, бірақ өз үйіміге тезірек кеткіміз келеді.


Айта кетейік, қазіргі уақытта ХҚКО су тасқынынан зардап шеккен 5мыңға жуық адам жүгінген