Апат айтып келмейді. Су тасқыны кезінде тұрғындар үйлері мен дүние мүліктерінен айырылды. Ал кейбірі тіпті төлқұжатсыз қалды. Қазір зардап шеккен тұрғындар қаржылай көмек алу үшін құжаттарын қалпына келтіріп жатыр. Оларға депутаттардан, әкімдік қызметкерлерінен құралған қоғамдық штаб өкілдері ақпарттық көмек беріп, бағдарлауда.


Штаб өкілдері эвакуациялық пункте орналасқан адамдарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, көмек көрсетеді. Облыс бойынша тасқыннан зардап шеккен әзірге 2 мың адам бір жолғы төлемге өтініш берді оның көлемі 100 АЕК яғни 400 мың теңгегег жуық.


ЕВГЕНИЙ КИНЦЕЛЬ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

- Тұрғындардың ең жиі қоятын сұрақтарының бірі құжаттарын қалпына келтіруге қатысты. Қазір қаржылай көмек көрсетіліп жатқандықтан ең қиын мәселенің бірі өздерінің мүліктерін растау. Себебі көбінің құжаттары дұрыс емес. Мысалға үйдің қағазында аты жөніндегі бір әріп басқаша болуы мүмкін. Осындай жағдайлар көп. Осының бәрін шешуге көмектесіп жүрм