Петропавлда ауа райының жылынуына байланысты 22 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылады. Бұл туралы тиісті қаулыға қала әкімі қол қойды. Жылу беруді тоқтату кезең-кезеңмен жалғасып, 10 күнге созылады.


Қала мектептерінде орналасқан эвакуациялық пункттерді жылумен қамтамасыз ету жалғасады. Мұндағы температуралық режимді мекемелердің өздері реттейді. МИБ және ПИК төрағалары тұрғын үйлердегі ысырмаларды жауып, үйде ыстық су болған кезде жүйені жазғы жұмыс режиміне ауыстырулары керек. Кейін пәтерлердегі жылыту радиаторлары 2-3 сағат ішінде суыйды. Ал жылыту маусымы аяқталғаннан кейін «Петропавл жылу желілері» ЖШС жылу тасымалдағыштың ең жоғары температурасына сынақ жүргізуді бастайды. Бірінші кезең маусым айында өтеді деп жоспарланған.