Облыстың патрульдік полицейлері тәулік бойы су басқан автожол учаскелерін бақылайды. Полицияның жетекші қызметтерінің қызметкерлері құтқарушылармен бірге тәулік бойы су тасқынының салдарымен күрессе, қала сыртындағы жолдарда облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Есіл өзенінің тасуынан патрульдік полиция қызметкерлерІ жаңа жағдайға жедел бейімделді; жол қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз ету штаттық режимде жүзеге асырылды. Тәртіп сақшылары су шайған автожол учаскелерінде екі ауысымда кезекшілік етеді. Міндет - жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу, құтқарушыларға жәрдемдесу және халыққа жан — жақты көмек көрсету.