Петропавлда 47 жастағы әйел волонтерлерді видеоға түсіріп, олар гуманитарлық көмекті ұрлап жатыр деген жалған ақпарат таратқан. Енді бұл әрекеті үшін облыс орталығының тұрғыны айыппұл төлейді. Әйел мәселенің анық-қанығына көз жеткізбестен бейнежазбаны WhatsApp желісіндегі топтарға жіберген. Кейін ол TikTok-та да тарап кетті.


Шын мәнінде гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігі тасқыннан зардап шеккен Қызылжар ауданының Большая малышка ауылына жіберілген. Мұны СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықтады.