Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың құжаттарын қалпына келтіруге көмектесіп жатыр. Қазіргі уақытта өңірде 4 мыңға жуық тұрғынға мемлекеттік қызмет көрсетілген.


Су тасқыны салдарынын Облыста көптеген тұрғынның құжаттары бүлінгендіктен оны қалпына келтіру үшін қазір әкімдікте, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Зардап шеккен тұрғындардар көп. Бір күндеі 700ге жуық адам өтініш беруге келген.


АЙДОС ШАЙҒҰЗОВ, ХАЛЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЗАЛ ЖЕТЕКШІСІ:

- Егер жеке куәліктеріңізді жоғалтқан болсаңыздар каспи банктің қосымшасы арқылы цифрлық құжатты - жеке куәлігіңізді пайдалана аласыз. Себебі заң бойынша ол жарамды. кЕЙІН жеке куәлікті қалпына келтіруГЕ өтініш беріп қойсаңыз жеткілікті. Ал үйдің, жердің құжаттарын хқко-на келіп, 1 құжат үшін 601 тенге төлеп өтініш жазып , қалпына келтіре аласыз. Ол 3 жұмыс күннің ішінде жасалады. Ал тех паспорт 1 жұмыс күнде жасалады.


Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың бірі Валентина Новопашена. Ол Қызылжар ауданы Прибрежное ауылың тұрғыны. Үйі суға кеткендіктен бүгін уақытша тұратын баспанаға өтініш беруге келген. Қазір Мамлютқа қаласындағы туыстарының үйін паналауда.


ВАЛЕНТИНА НОВОПАШЕНА, ПРИБРЕЖНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- 11 жарымға қарай бәрімізді қауіпсіз жер деп мектепке эвакуациялады. Ертеңіне үйімізді көру үшін және итіміз қалған болатын, соны қарау үшін бардық. Барғанымыз сол еді 2 минуттың ішінде үйге су кірді. Шығып үлгердік. Кейін күйеуім мен қызым тағы үйді қарауға барғанда үйдің шатырына дейін су басқан екен. Қызым видеоға түсіріп маған көрсетті.


Сондай-ақ, ХҚКО-ның қызметкерлері атынан мобильдік топтар кезекшіліп атқарып, эвакуациялық пунктердегі адамдарға құжаттарды қалпына келтіруге көмектеседі.


Дариға Қуаныш