Өңірде әлі де күрделі жағдай сақталған. Облыста су тасқыны басталғалы 2122 үй су астында қалды. 10345 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Олардың 2328-і кішкентай бала. Қазіргі уақытта 688 тұрғын эвакуациялық пунктерге жайғастырылды. Қалғандары өз туыстарыныҢ үйін паналап жатыр. 4000-ға жуық ауыл шаруашылық жануары эвакуацияланды.


Бүгін сағат 06:30-дағы жағдай бойынша Сергеев су қоймасы 151,77% толған, өткен тәулікте су деңгейі 29 см-ге түсті, Петропавл су қоймасының суы 57 см-ге көтеріліп, 114,78%, толды. Су тасқыны басталғалы өңірде жол учаскелерін 69 рет шайды. Қазіргі уақытта 17-сінде су жатыр, оның алтауы – республикалық маңызы бар автожолдар. 14 сәуір күні Петропавл – Жезқазған республикалық тас жолын су басуына байланысты құтқарушылар 2670 адамды тасымалдаған.Қазіргі уақытта КамАЗ Вахтовка көліктерімен Петропавлдан Бескөлге және кері қарай адамдарды өткізу жұмыстары жалғасып жатыр.