Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Қазір өңір азаматтарының әрқайсысы қолдарынан келген көмектерін беріп, су тасқының алдын алуға барынша көмектесіп жатыр. Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мамандары Астанадан келген сарбаздарға ризашылығын білдіріп, ыстық шай мен палау таратты.


Өңірге 8-сәуір күні кешке Астана қаласынан 68665 әскери бөлімінің сарбаздары келген болатын. 300-ден астам әскери қызметші су тасқынының алдын-алуға көмектесуге жұмылдырылды.


АСНУРИЯ АБДУЛА, ТІЛШІ:

- Дәл қазір бұл жүрде Су тасқынының алдын-алуға көмектесу Астанадан келген сарбаздар бел жазбай еңбек етіп, бөгеттертерді тұрғызып нығатып жатыр. Олардың ерен еңбектерін бағалау қажет. Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мамандары 100 астам әскериге ыстық палау мен шәй таратты.


Қазір облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құрамында 25 мыңнан астам адам бар. Олардың әрқайсысы су тасқының алдын алуға өз септігін тигізіп жатыр.


ЖАНДОС БАЗАРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫ КОМИТЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Кеше 30-дан астам кәсіподақ қызметкерлері келіп, қапқа топырақ салып, бөгеттің тұрғызылуына көмектескен едік. Ал, міне бүгін Астанадан келген сарбаздарға шын ризашылығымызды білдірп тамақ таратқымыз келіп тұр. Жалпы, бұндай іс-шара барлық аудандардағы филиалдарымзда да жүріп жатыр.


Кәсіподақ қызметкерлері бұған дейін бөгеттерді нығайтуға да бір кісідей атсалысты.