Өңірге жұмыс сапармен ҚР Мәжіліс депутаттары келді. Олар облыстағы су тасқыны жағдайымен танысып, тұрғындармен кездесті. Қазір Петропавл су қоймасының су деңгейі жарты метрге көтерілген.


Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің айтуынша, Сергеев су қоймасындағы жағдай күрделі. Су торабы қуатының шегінде жұмыс істеп тұр. Нысан 180 пайызға толған. Деңгейі бұрын соңды болмаған межеге жетті. 60-70 жылдары салынған су қоймасы содан бері жөндеу көрмеген екен.


БАҚЫТЖАН БАЗАРБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Тағы бір өзекті мәселелердің бірі – халықтың қорқынышы. Көп адамдар эвакуациялау кезінде құжаттарын ала алмай, қалдырып кеткен, судың астында қалған. Үрейге бой алдырудың қажеті жоқ. Себебі жердің, үйдің құжаттамалары жоғалса, судың асында қалып кетсе, ақпараттық жүйелер бар Мысалы: .... бұл ақпараттар арқылы тиісті құжаттарды қалпына келтіруге болады.