Өңірде су тасқыны басталғалы бері тәжіктердің этномәдени орталығы белсенділік танытып, көмек көрсетіп жатыр. Бүгін олар Заречный кентіндегі әскерилерге ыстық палау, бауырсақ пен шай үлестірді. Жалпы өңірде тәжік ұлтының 700-ден астам өкілі бар. Әрқайсысы осындай қиын сәтте қолдан келгенше жәрдем беруде. Бұған дейін де орталықтың өкілдері бөгеттерді бекітіп жатқандарға ыстық тамақ апарып, қолдау білдірген еді.


УБАЙДУЛЛО МУХИБОВИЧ, «ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ» РҚБ СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Заречный кентіндегі 230 әскериге палау, шай, бауырсақ үлестіріп қолдау білдірудеміз. Тасқын сумен күресіп жатқандарға осылайша көмегіміз тисін дейміз. Күні кеше Тепличное елді мекенінде болдық. Бұған дейін қала маңындағы аудандарды аралап, құтқарушылар мен әскерилерге түскі ас апардық.