Солтүстік Қазақстандағы негізгі гидрологиялық нысандардың бірі Сергеев қоймасында судың деңгейі антирекорд орнатып, бұрын соңды болмаған межеге жетті. Бөгет үстінен ағып жатқан судың биіктігі 4 жарым метрге жақындайды деген болжам бар. 2017 жылғы су тасқынында бұл көрсеткіш 3 метр 38 сантиметр болған еді. Президент тапсырмасына сай Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр су тасқыны бойынша жағдайды бақылауДА ҰСТАУ ҮШІН Қызылжар өңірінде жүр.


Асхат Қасенов бірнеше жылдан бері Заречный кентінде тұрады. 2017 жылы тасқын болған кезде баспанасы бар мүлкімен суда қалған. Биыл ерте қамданып жатыр. Үйде қарт анасы мен бала-шағасы бар.


Асхат Қасенов, Заречный кентінің тұрғыны:

- 2017-шы жылы су келгенде, міне заборға осылай болды ғой. Осылай тұрды, мынау енді желмен волналар перген. Үйде былай тұрды вообще. ЕНді-енді ес жинап, мебель бәрін құрастырып, жаңадан алып жатқанда міне көрдіңіз бе, енді қандай су апаты болып жатыр.


Көктем басталғалы облыс бойынша 40-қа жуық үйді су басып, 100-ден артық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Тасқынға қарсы шаралар күндіз-түні жүргізілуде. Нәтижесінде құтқарушылар Уәлиханов, Ақжар және Тайынша аудандарында апаттың алдын алды. 35 елді мекенде қауіп сейілді. Өңірге келген Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетілетінін жеткізді.


Роман Скляр, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

- Барлық құрылыс және жол салумен айналысатын компаниялар негізгі жұмысын тоқтатып, су тасқынымен күреске жұмылдырылады. Жағдай күрделі. Дегенмен, бәрін бақылауда ұстап отрмыз. Облыстық штаб жұмыс істеп тұр.


Синоптиктер болжамынша Сергеев су қоймасынан ағып жатқан су бір апта шамасында облыс орталығына жетеді.