Петропавлда бірден екі аялдаманы қиратқан ер адам ұсталды.Ол облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны болып шықты.Аялдама павильонының әйнегін сындырған кезде ер адам мас күйінде болған. Полиция басқармасына 31 наурыз күні таңертең Н.Назарбаев көшесінде қызыл түсті сырт киімдегі белгісіз ер адам аялдама павильонының шыныларын сындырғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бейнебақылау арқылы ұқсас адам тез арада анықталды.


Нәтижесінде қала тұрғынын патрульдік полиция батальонының экипажы Н.Назарбаев пен К.Сүтішев көшелерінің қиылысында ұстады. Алайда ол полицейлер келгенге дейін екінші аялдаманың шынысын да зақымдап үлгерген. Қазргі уақытта бұл фактілер бойынша полицейлер әкімшілік материал жинап, шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберген. Құқық бұзушы айыппұл төлеуі немесе бестен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін.