Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі су басу қаупі бар аймақтарды тікұшақпен бақылады. Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Айыртау және Тимирязев аудандарын су басу қаупі жоғары. Биыл әсіресе осы аудандарға қар қалың жауған, әрі кіші өзендер мен су өткізу құбырларында мұз кептелісі болуы мүмкін.


Ақжар, Тайынша Және Уәлиханов аудандарында да жағдай күрделі. Астана мен Ақмола облысының су қоймаларынан көп мөлшерде су келмек. Өңір басшысы әлеуметтік желіде « Қазір барлық ресурстар жұмылдырылды, күштер мен құралдар тобы құрылды, техника дайындалды. Өңірдегі өзендерде жарылыс жұмыстары жүргізіліп, эвакуациялау пункттері құрылды. Инертті материалдар, қаптар, жанар-жағармай және жүзу құралдары дайындалды. Жағдай менің бақылауымда»,- деп жазды.