ҚР Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында өңірде 46 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу жоспарланды. Бұл - "ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында қолға алынып, нәтижесінде былтыр 38 нысан салынды. Жобалардың жалпы құны 6 млрд теңгеден асады. Тақырыпты арна тілшісі жалғастырады.

2024 жылы денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуге 1,5 млрд теңге, ал материалдық-техникалық базаны жарақтандыруға-5,4 млрд теңге бөлінді.

ҚАНЫШ БИЖАНОВ СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- 250 орынға шақталған аудандық аурухана құрылысы аяқталды. 15 нысанда 1,5 млрд тенгеге күрделі жөндеу жүргізілді, сондай-ақ медициналық жабдықтармен жабдықтауға көп көңіл бөлеміз. Бұл қаражатқа 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта барлық жабдықтар жеткізілді. Және пайдалануға берілді

Жас мамандарды ауылдық жерлерге тартуға айрықша көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда бір реттік төлемақы 1-млн-нан 5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ өңірде 144 тар бейінді маман жетіспейді.

ҚАНЫШ БИЖАНОВ СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Биыл мәслихатқа хат жолданатын болады, ауылдық елді мекендерге келетін мамандарға 8 жарым млн теңгеге дейін қаражат бөлінетін болады. сондай-ақ, дәрігердің үйінен баспана беріледі және үш жыл ішінде 50 пайызға дейін пәтер жалдау ақысын төлейді. 

Бүгінгі таңда өңірде "телемедициналық экожүйе" пилоттық жобасы белсенді іске асырылып жатыр. Облыста алғаш рет инсульт пен ми артериясының тромбтарын алып тастағаннан кейін эндоваскулярлық ота жасалды, жыл басынан бері жүректің қолқа ақауларын емдеудің аз инвазивті әдісі қолданылды. Бүгінгі таңда өңірде халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің 12 түрі көрсетіледі.