Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жыл жұмысшы мамандандықтарының жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай Қызылжар ауданында оқушылар арасында эссе жазудан жарыс өтті. Оған 400-ден астам мектеп оқушысы қатысты.

Эссе жазу байқауы 2025-жылы алғаш рет өткізіліп жатыр. Бұдан бөлек алдағы уақытта оқушылар ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысып, жұмысшы мамандағының рөлін, жұмыс барысын көретін болады.

АЛМА НҰРҒАЛИЕВА, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бүгін Қызылжар ауданында біз Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында айтқандай жұмысшы мамандағы жылын бастадық. Түрлі іс-шараларды дайындадық. Ең алдымен осы балалардан бастайық деп шештік. Себебі жастар еліміздің болашағы. Бүгін оқушыларға 4 тақырып ұсынылды. Сол бойынша олар эссе жазады. Одан бөлек оқушыларды ірі шаруашылықтардың бірі «Зенченко и К» КС апарып жұмыстарымен таныстырмақ ой бар.

Раушан Иманқұлованың еңбек өтілі 38-жыл. Тарих пәнінінң мұғалімі болған. Қазір зейнетте. Бүгін мектепке балаларға көрген, білгенімен бөлісіп, сәттілік тілеуге келген.

РАУШАН ИМАНҚҰЛОВА, АРДАГЕР ҰСТАЗ:

- Мен мектепті жақсы көрдім. Балаларды жақсы көремін. Мұғалімдерге де айтып жүремін күн сайын оларға біз сіздерді жақсы көреміз деп айтып жүрсін деп. Бізде Қазақстанда жастар бәрін тез үйренеді. Әке-шешелері де оқытқысы келеді. Және біздің мемлекетіміз көптеген грант береді.

Парасат мектеп-лицейінде де оқушылар өз шығармаларын жазған. Солардың бірі - 11-сынып оқушысы Саят Еслям.

САЯТ ЕСЛЯМ, «ПАРАСАТ» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

- Бүгінгі іс-шара маған өте қатты ұнады. Елбасы өз жарлығында 2025-жыл ол жұмысшылардың жылы деп айтқан болатын. Сондықтан әрбір адам осы жұмысшылардың еңбектерін бағалап, онымен қоса олардың жалақысын көтереді деген ойдамын.

Байқау нәтижиесі бойынша оқушылар аудан әкімің марапатымен және естелік сыйлықтармен марапатталады.