Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде ведомствоның өткен жылғы жұмысына талдау жасалды. Жедел кеңес Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтың қатысуымен өтті.
Жыл қорытындысы бойынша қылмыстарды жалпы тіркеу 7% төмендеп, 3343 фактіні құрады. Сондай-ақ 2023 жылмен салыстырғанда жалпы қылмыстарды ашу деңгейі 63-тен 65,5%-ке дейін жақсарды. Адам өлтіру, қарақшылық және тонау саны айтарлықтай азайды. Интернет-алаяқтықтың біршаматөмендеуіне қол жеткізілді.
АСҚАР МҰХАМЕТҚАЛИЕВ — СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Биыл қылмыс санының азаюын ескере отырып, келешекте ашылуы мүмкін істер бойынша іс-шаралар жоспары құрылды. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу жөніндегі жедел-тергеу тобының құрамы жаңартылды, кең таралған қылмыс түрлері бойынша профилактикалық жұмыстар күшейтілді.
Барлық проблемалық мәселелер бойынша профилактикалық шаралар қабылданып жатыр. Мәселен, денсаулыққа ауыр зиян келтіру бойынша жүргізілген талдау бұл қылмыстарды негізінен есепте тұрған тұлғалар мен мас күйдегі адамдар жасайтынын көрсетеді. Осыған байланысты полицейлер есепте тұрған тұлғалар арасындағы жұмысты жандандырып, құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр. Бауыржан Әленов СҚО бойынша жедел жағдай тұрақты екенін атап өтіп, облыстық полицияның қызметтеріне бірқатар нақты тапсырмалар берді.
БАУЫРЖАН ӘЛЕНОВ — ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
- Есірткі бизнесімен күрес мемлекет басшысы мен ішкі істер министрінің ерекше бақылауында. Осыны департамент және бөліністердің басшылығына тапсырамын. Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің аумақтық департаментімен, кеден органдарымен бірлесіп, прекурсорлар мен құрылығыларды енгізуді анықтаудың алгоритмін іске алыңыздар. Есірткі сайттарын бұғаттау бойынша жұмысты жандандырыңыздар, профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыруды қайта қарастырыңыздар.
Есірткінің таралуына қарсы күрес - өзекті мәселелердің бірі. Өткен жылы өңір полицейлері 770 келіден астам түрлі есірткіні, оның ішінде 8 келі синтетикалық есірткіні заңсыз айналымнан алып, 1 есірткі зертханасын жойды, Көкшетау, Астана және Алматы қалаларынан синтетикалық есірткіні жеткізетін 8 арнаның жолын кесті. Кейін Бауыржан Әленов ішкі істер органдарының ардагерлерімен жеке кездесіп, оларға тәлімгерлік еңбегі үшін алғыс айтт. Полицияның жас қызметкерлері үшін баға жетпес тәжірибелерімен бөлісе тырып, жаңа буынның кәсіби қалыптасуына белсенді көмектесу қажет екенін атап өтті.