2024 жылы жолаушылар тасымалының сапасын арттыру үшін қалалық көлік компаниялары үшін 33 жаңа автобус сатып алынды. Жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында №4А, 8, 14, 24 және 26-шы бағыттарда заманауи үлгідегі қоғамдық көліктер жұмыс істей бастады. Қалалық әкімшілік пен көлік компаниялары қала бойынша қозғалысты тұрғындардың барлық санаттары үшін барынша ыңғайлы ете отырып, қоғамдық көлік жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар жалғастырып жатыр. Алдағы уақытта жолаушылар тасымалы саласында тағы да оң өзгерістер орын алмақ.