Қазақстанда ағзаны транспланттау медицина саласындағы маңызды бағыттардың бірі саналады. Бұл күрделі операциялар мыңдаған науқастардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Дегенмен, бұл бағытта шешуді қажет ететін мәселелер бар. Донорлық ағзалар тапшылығы – басты түйткілдердің бірі.
Әр жыл сайын қазақстандық трансплантологтар жүрек, өкпе, бауыр мен бүйрек трансплантациясы бойынша шамамен 200 ота жасайды. Бірақ бұл операцияларға қажеттілік одан да көп адамда бар. Нақтырақ айтқанда, елімізде 4 мыңнан астам адам трансплантацияға мұқтаж, оның ішінде 100-ден астамы біздің облыстың тұрғыны.
ӘДІЛХАН ҚАБДУОВ, ӨҢІРЛІК ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:
- Өкінішке орай, біздің елде тек мәйіттік донорлық дамып келе жатыр, бұл бағыт әлі толыққанды қалыптаспаған. Бүгінде көбінесе туыстық трансплантациялар жасалады. Осы процесстерді бақылап, этикалық нормалар мен ережелерді сақтайтын арнайы комиссия құрылып, реципиенттер арасындағы байланысты анықтайды. Мәйіттік донорлықтың дамуы әлі де баяу, себебі адамдар оның маңыздылығын толық түсінбейді. Өткен жылы Қазақстан бойынша бар болғаны 6 көпағзалы донорлық алым жасалды, бұл өте төмен көрсеткіш. Барлығы 29 ағза трансплантацияланып, олардың 3-і балаларға жасалған.
Анастасия Молоткова бала кезінен бүйрек ауруына шалдыққан. Осылайша 2014 жылы оған бүйрек трансплантациясы жасалып, оған әкесі доноры болды. Бұл оқиға оның өміріне терең өзгерістер енгізіп, жаңа мүмкіндіктер мен үміттер сыйлады.
АНАСТАСИЯ МОЛОТКОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
- Маған бүйрек трансплантациясы қажет болды, оны 2014 жылы Астанада, Ана мен бала орталығында жасады. Бүйректі мен шамамен жарты жыл күттім. Донор болып әкем түсті. Операцияға дайындық ұзақ уақытты талап етті, себебі организмді мұқият дайындау керек болды.
Еркен Жұматаевтың өмірі 2015 жылдан бастап түбегейлі өзгерді. Оның екі бүйрегі де жұмыс істемейді, сондықтан ағза трансплантациясы оның бірден-бір үміті болып отыр. Еркен апта сайын тұрақты түрде гемодиализ процедурасынан өтуге мәжбүр. Бұл ауыр әрі маңызды процедура оның өмірін сақтап қалу үшін қажет.
ЕРКІН ЖҰМАТАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
- 2018 жылы осы гемодиализ процедурасына келдім. Әр апта сайын үш рет келу керек. Процедура 4 сағатқа созылады. + скл 00:35 – 00:41 Денедегі артық суды осы аппарат арқылы шығарады. + скл 00:58 – 01:19 Беларусь Республикасында бүйрек трансплантациясы операциясы жасалады. Оның құны 63 мың доллар. Беларусь азаматтарына тегін, ал шетел азаматтарына ақылы түрде ұсынылады
Айта кету керек, соңғы 10 жылда елде 2,5 мыңнан астам ағза трансплантациясы жасалды.