Тұрғындардың бос уақытын қызықты өткізу және шығармашылық қабілеттерін дамыту – мәдени орталықтардың басты мақсаты. Солтүстік Қазақстан облысындағы мәдениет үйлері 2024 жылда атқарған жұмыстарының қорытындысын шығарды. Оларды Халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығы басқарады.

2024 жылы қалалық Мәдениет үйінде 300-ден астам іс-шара өткізілді. Қаланың түрлі аудандарында конкурстар, концерттер мен мерекелік кештер ұйымдастырылды – мекеме жұмысының нәтижесі қуантарлық. Қазіргі таңда мұнда 29 ұжым жұмыс істейді, оның тоғызы «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағына ие.

КАРИНА ШВЕГЛЕР – ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.:

- Ең үлкен жетістіктерге 4 хореографиялық ұжым қол жеткізуде. Өткен жылы бұл ұжымдар бірнеше халықаралық байқауға қатысып, барлығынан гран-при жеңіп алды. Олар әртүрлі номинацияларда өнер көрсетіп, жүлделі орындар иеленді. Байқаулар Қазақстан, Ресей, Түркия және Грузия қалаларында өтті.

Өткен жылдың жұмыс нәтижелерімен барлық аудандық Мәдениет үйлері де бөлісті. Жалпы, Халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығы облыстағы 266 мәдениет ошағының жұмысын үйлестіреді.

МҰХАМЕДАЛИ ИСПАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

- Жалпы айтқанда, жетістіктеріміз жеткілікті. Бізде бишілер, әншілер бар. Театр бөлімі де дамыған, оның ішінде халықтық театр да жұмыс істейді. Олар өздерінің жоспарланған спектакльдерін аудан, қала ішінде қойып, халықтың ризашылығына бөленуде.

Айта кету керек, биыл есеп беру заманауи формат – презентация түрінде енгізілді.