Петропавлда шыршаны қоқыс жәшігінің жанына тек 25-ші қаңтарға дейін тастай аласыз, әйтпесе — айыппұл арқалайсыз. Қалалық әкімдіктің сайтында қылқанжапырақтыларды қоқыс жәшіктеріне тастауға болмайтыны туралы ақпарат пайда болды. Сонымен қатар, 2025 жылғы 15-25 қаңтар аралығында шыршаларды шығару ұйымдастырылады. Сол үшін оларды қоқыс жәшіктерінің жанына қою керек. 25 қаңтардан кейін абаттандыру ережелерін сақтамағаны үшін құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылатын болады.