Елімізде тасқынға қарсы күреске екі жарым мыңнан астам адам мен 700-ге жуық техника жұмылдырылған. Бұл туралы Үкімет басшысына Төтенше жағдайлар министрі баяндады. Сондай-ақ премьер-министр Олжас Бектеновке қар мен мұздың күрт еруіне байланысты және су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берілді. Мәліметтерге сай қазір Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Батыс, Шығыс, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Абай, Ұлытау облыстарында жедел штабтар құрылған. Үкімет басшысы Төтенше жағдайлар министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыруды және елдегі ахуал туралы тәулік сайын есеп беру тапсырды.