Облыстың бес ауданда тоғыз ірі қара малдан бруцеллез анықталды. Былтыр 272 ірі қара малдан және 2 қой-ешкіден ауру табылып, ауру малдың көзі жойылды.


Бруцеллез ауруы биыл Қызылжар ауданында бес ірі қара малдан анықталған. Ал Айыртау, Ақжар, Аққайың және Тимирязев аудандарында бір фактіден тіркелді. Соңғысы 25 наурыз күні Ақжар ауданында анықталды. Аққайың ауданы Ленинское елді мекенінде де бір малдан бруцеллез табылды. Бұл ауылға шектеу шаралары енгізілген. Қазір республикалық эпизоотиялық комиссия жұмыс істеп жатыр.


АМАНЖОЛ НҰРТАЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Ауырған малдың барлығы сою алаңына жіберілді. Әр 15-20 күн ішінде ауру мал анықталған шаруа қожалықтарында бруцеллезге қарсы тексеріс жүргізілетін болады. Яғни, ірі қарадан ПЦР тест алынады. Егер екі мәрте оң нәтиже шықса, сол ауылдарға шектеу шаралары енгізілмек. Әзірге тек бір ауылға шектеу қойылды.