СҚО ТЖД 13 маманы Ғ. Мүсірепов атындағы ауданға су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға көмектесуге аттанды. Топтың құрамында «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ және өтімділігі жоғары арнайы екі автокөлікпен және моторлы қайықпен жарақтандырылған СҚО ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» РММ бөлімшелерінің құтқарушылары мен өрт сөндіруші-құтқарушылары бар. Олардың мақсаты - адамдарды құтқару және эвакуациялау, кіші өзендерде мұз кесу, су тасқыны жағдайының мониторингін жүргізу. Мамандар Рузаевка және Чистополье елді мекендеріне келген соң, су айдындарын тексеруге және өздеріне бөлінген учаскелерде жұмысты жоспарлауға кіріседі.