Петропавлда полицейлер Наурыз мейрамын күшейтілген режимде өткізді. Қала тұрғындары мен қонақтарының тыныштығын автопатрульдер мен полицияның кешенді күштерінің жаяу жасақтары қорғады. Бейнекамералардың көмегімен 173 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Орталық алаңдарда қоғамдық тәртіпті бұзуға, облыс орталығында ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол берілмеді. Наурыздың 21-мен 25-і аралығында 102 жедел арнасына 1605 телефон хабарламасы келіп түсті, оның ішінде 502-сі полиция күштерінің жедел әрекет етуін талап етті. Негізгі өтініштер отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша болды. Отбасылық жанжалдардың 38-і тіркелді. Сондай-ақ, түнгі уақытта тыныштықты бұзу жағдайлары да көбейді. Жалдамалы пәтерлерде шулы кештер ұйымдастырғаны үшін, 32 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.