Қыс мезгілі басталғаннан бері өңір елді мекендерінен 1 млн 630 мың текше метрден астам қар шығарылды.


 Бұл соңғы 7 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Өңірде су тасқынының алдын алуға арналған шаралар жүзеге асырылуда. Бұл мақсатқа облыс қазынасынан 525 млн теңге қосымша қаражат бөлінді. Болжам бойынша 87 елді мекенді су басуы мүмкін. Солардың бірі Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка қаласы. Қазір қауіпті аймақта орналасқан көшелерден күндіз-түні қар шығарылуда. Қажетті техника мен инертті материалдар әзірленді.


ЕРҰЛАН ҒАБДУЛЛИН, СЕРГЕЕВКА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Жоласты құбырларын тазалау, суларды өткізу үшін арықтарды тазалау, судық жолын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бір жұманың ішінде 36 мың текше метр қар шығаруға жоспарланып отырмыз.