Наурыз мейрамы қарсаңында Полиция департаментінің вокалдық тобы Аққайың ауданының орталығы Смирнов ауылында болды. Өнерпаздар әлеуметтік қызмет көрсету орталығының зейнеткерлеріне және Полудинодағы қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне концерттік бағдарлама ұсынды. Облыстық полиция ведомствосы баспасөз қызметінің материалдарына назар аударайық.


Өңірде полиция қызметкерлері дәстүрлі түрде Наурыз мейрамын қайырымдылық іс-шаралардан бастайды. Облыстық полиция департаментінің мәдени орталығының вокалдық тобы облыс аудандарында концерттер өткізді. Олар Аққайың ауданының орталығы Смирновада әлеуметтік қызмет көрсету орталығының зейнеткерлеріне концерттік бағдарлама ұсынды. СҚО ПД бастығының орынбасары Сәуле Андағұлова қарттарды көктемгі мерекемен құттықтады.


- Это ещё один повод, чтобы выразить свои слова благодарности нашему старшему поколению. Мы видим сегодня в этом зале очень много замечательных людей, которые в своё время внесли достойный вклад в развитие нашего региона


Орталық басшылығына Сәуле Андағұлова "Қазақ салт-дәстүрлері" кітабын сыйға тартты. Вокалдық топтың репертуарындағы музыкалық композициялар зейнеткерлерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Полудинодағы қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне полиция полковнигі қиындықтарға мойымауды тіледі.


- Ставьте перед собой цели и достигайте этих целей! Всегда в жизни можно всё преодолеть! Самое главное — стремиться, познавать, любить друг друга, уважать друг друга


Балаларды мерекемен мекеме басшылығы және жол полициясының ардагерлері де құттықтады. 20 жылдан астам уақыт бойы олар тәрбиеленушілерге қолдау көрсетіп келеді.


Давид Шнайдер, ІІО ардагері:

- С праздником Наурыз мейрамы, желаю всем больше добра, крепкого здоровья, всех благ, детишкам успешно закончить школу


 Балалар әншілермен бірге ән айтып, би биледі. Полиция қызметкерлерінің концертінен кейін олар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Барлық мереке күндерін өңір полицейлері қызмет өткерудің күшейтілген режимінде өткізеді.